Жобалардың көбісі ауылдарда іске асырылады
2020 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 117,5 млрд. теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
«2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 313 жобаны іске асыруға 117,5 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде:
- қалаларда (68 жоба) - 47,1 млрд. теңге;
- ауылдарда (245 жоба) – 70,4 млрд. теңге» делінген министрліктің сайтында.
Министрлік 2020 жылдың соңына дейін қалаларды – 97,5%, ауылдарды - 87,7%, пайызға дейін ауыз сумен толық қамтуды жоспарлап отыр.