Оның мүлкі түгел тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәсімовпен бірге оның үш орынбасары да мемлекетке сатқындық жасап, лауазымын асыра пайдаланды және билікті басып алуға әрекет етті деген баптар бойынша сотталып отыр.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімовті Қылмыстық кодекстік 175-бабы 1-тармағы, 179-бабы 3-тармағы, 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасына сай бүкіл мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Оның орынбасарлары болған Д. Ерғожин 15 жылға, А. Садықұлов 16 жылға, М. Өсіпов 3 жылға сотталды.