20 cәуірде еліміз бойынша 47 адам коронавирус дертіне шалдыққан еді. Ал кеше олардың саны 39-ға көбейген.
Өткен тәулікте жалпы алғанда 86 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 342 адам коронавирус инфекциясынан (–1 178+ және 164 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 164 пациент стационарда, 1 178 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.