Боксшы Дәулет Дәукенов WBC атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақтандық спортшы Дәулет Дәукенов Оломоуцте (Чехия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті.

Дәукенов никарагуалық Робин Саморамен (19-19, 9 КО) жұдырықтасты деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақта өткен кездесу 8 раундқа есептелген. Жеңген спортшы ТМД бокс бюросы, славян және балтық елдерінің екінші дәрежелі WBC белдігін алатын еді. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшыға берілді.

Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіби бокс мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді және екінші дәрежелі WBC белдігін жеңіп алды. Ал Самора кәсіби рингте 20-шы рет жеңілді.

Тегтер: