Зейнет жасына таяды: адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа шығаруды сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Іс бойынша тек бір адам - кәмелет жасына толмаған екі баласы бар Садуақасова ғана үйқамақта отыр

видеодан скриншот

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Төлеев экс-министрді үйқамаққа босатуды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оның зейнет жасына таяғанын ескеріп, гуманизим қағидасына сүйене отырып оны үйқамаққа босатуды сұраймын»,- деді қорғаушы Төлеев.

Адвокаттың айтуынша, іс бойынша екі жас баласы бар айыпталушы ғана үйқамақта отыр. “Бірақ, баласы жоқ екені үшін Мұхамедиұлы кінәлі емес қой», - деді Төлеев.

Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі болса сот отырысы кезінде денсаулығы нашарлағанын айтты.

«Бірнеше күн бұрын мен екінші рет операция жасаттым. Сондықтан, мені үйқамаққа босатуларыңызды сұраймын», - деді Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.

Жалпы, Мұхамедиұымен қатар, бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен А. Ш. Нұразхан, А. Қ. Көшенов және А. Т. Сәдуақасовтар сотта жауап беруде.