Семейде 30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала қауышты

Автор: Azattyq Rýhy

Павлодар қаласының тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген

Семейде 30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала қауышты. Жігіт екі жаста болғанда ата-анасы ажырасып кеткен. Содан бері ол әкесін көрмеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жігіт қазіргі уақытта Павлодар қаласында анасымен бірге тұрады. Ол бала кезден әкесін көргісі келетін. Жақында әкесін іздеп табамын деп шешім қабылдап, әкесінің орналасқан жерін анықтау мақсатында Семей қаласының полицейлерінен көмек сұрады.

Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурин толыққанды іздеуді ұйымдастырып, ер адамның әкесінің орналасқан жерін анықтады. Оның әкесі ескі мекенжайда ұзақ уақыт тұрмағаны, пәтерін сатқаны және шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болды. Екі жаққа кеткеннен бері арада 30 жыл өткен, ақырында учаскелік полицияның арқасында әке мен бала қайта табысты.

Тегтер: