Ол 4 жыл мерзімге құрылмақ
Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Заң жобасын Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырды.
2022 жылғы 30 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген.
Вице-министр заңның негізгі жаңалықтары туралы сөз қозғады.
«Заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде мемлекеттік басқару органдарының құзыреті айқындалған. Ауылдық округтер деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы 4 жыл мерзімге жергілікті өзін-өзі басқару органы – кеңес құру ұсынылады. Кеңестің өз аппараты болуы міндетті емес. Оның қызметін әкім аппараты қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Ұлттық экономика вице-министрі.
Кеңес төрағасы кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлануы және осы лауазымда тұрақты, яғни ауыл бюджеті есебінен төлеу ұсынылады.
«Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ауыл әкімдерінің дербестігін кеңейту талап етіледі», - деп айтты вице-министр Мәжілісте.
Кеңестің қандай функциялары болады:
Заң жобасында мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту де көзделген. Атап айтқанда, бұл әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысу; қажет болған жағдайда бюджетті нақтылауға бастамашылық жасау; әкімдіктердің әкімнің халықпен есептік кездесуінде көтерілген проблемаларды шешуіне мониторинг жүргізу.