Ауыл мен қала медицинасын барынша теңестіріп, жаңа нысандар салу жоспарланып отыр
Елдегі 200-ден аса ауылда емхана жоқ. Өңірлерде 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар24» сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, медициналық нысандар мен заманауи құрылғылар тапшы. Осының салдарынан тұрғындар қалаларға барып емделуге мәжбүр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлімдеді. Мәселені шешу үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданды. Ауыл мен қала медицинасын барынша теңестіріп, жаңа нысандар салу жоспарлануда.
«Үш жылдың ішінде елді мекендерде 600-ден аса медициналық нысандарды салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 32 аудандық аурухананы жаңғыртамыз. Инфрақұрылымды жаңартып, заманауи құрылғылар алынады. Қалада жасалған жағдай ауданда да жасалу керек. Бізде барлығы 8 мыңнан аса медициналық қызметкер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделген. Мұның барлығын бюджет есебінен шешілмейді. Инвесторлар тартып, «Қазақстан халқына» қорын іске қосамыз», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.