Депутат бұл еліміздің барша азаматтарының талап-тілегі екенін айтты
Бұл туралы депутат Ерлан Сайыров Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелері қоғам арасында резонанс туғызып, бүкіл халықтың мазасын алып жатыр. Бұл оқиға еліміздегі құқықтық сана және қоғамдық процестер саласындағы фундаменталды проблемалардың бар екендігін көрсетеді», - деді депутат.
Ол атағандай, азаматтар өздерінің іс-қадамдары үшін нақты заң алдында қатаң жауап беретіндігін сезініп, түсінуі тиіс.
«Құқықтық мемлекет дегеніміз заң және тәртіп. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, іс-әрекеттері мемлекеттің территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру әрекеттеріне ауыр жаза қарастырылған. Бұл оқиға еліміздің ақпараттық-қоғамдық саласында да терең проблемалардың да бар екендігін көрсетті. Азаматтардың мемлекеттік өзін-өзі сезіну мәселесімен ешбір мемлекеттік орган жүйелі айналысып отырған жоқ, мемлекеттің және шекаралық аймақтардағы ақпараттық қауіпсіздік проблемасы ушығып тұр», - деді ол.
Сайыровтың сөзінше, Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне әлеуметтік- экономика, саясат саласында өздерін көрсетуге, бейбіт, лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалған.
«Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттің бірлігі мен еліміздің территориялық тұтастығы үшін аянбай еңбек етіп, күресуі керек. Бұл барлығымыздың перзенттік парызымыз. Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ. Бұл еліміздің барша азаматтарының талап-тілегі. «AMANAT» партиясы Фракциясы мүшелері Үкімет құзырлы органдармен бірлесе отырып, келесі жедел қадамдар жасауы маңызды деп есептейді», - деді ол.
Депутат бірқатар ұсынысын айтты: