$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2023, 11:16
Қоғам

Қазақстанның екі облысында елдімекендерді су басуы мүмкін – синоптиктер ескертеді

Қар жылдам еріп жатқандықтан, су деңгейі көтеріле бастады

Қазақстанның екі облысында елдімекендерді су басуы мүмкін – синоптиктер ескертеді
Фото: pixabay.com

Еліміздің Қостанай және Ұлытау облыстарында елдімекендерді әлі су басу қаупі сейілмей тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қостанай облысында ауа температурасы жылына бастауына байланысты 20-22 наурыз аралығында «елдімекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар су басуы» мүмкін.

«Қостанай облысының оңтүстігінде (Наурызым, Жангелдин, Амангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында) қар қарқынды еріп, су ағыны қалыптасуы, мұз қабаттары жұқарып, су деңгейінің көтерілуі және елдімекендерге жайылуы ықтималдығы сақталады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК өкілдері.  

Дәл осыған ұқсас жағдай Ұлытау облысы (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде) өңірінде 2023 жылдың 20 наурызы мен 22 наурызы аралығында сақталады. Қар қарқынды ери беретіндіктен, ағынды сулар пайда болады, мұз қабаттары жұқарып, өзендерде су деңгейі көтерілуі, сол себепті елдімекендерді су басуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары