Депутаттарды сайлау: Сан-Францискодағы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Azattyq Rýhy

Сайлаушылардың 74%-ы дауыс беруге келген

Депутаттарды сайлау: Сан-Францискодағы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттарды сайлау аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Сайлаушылардың келуі 74% құрады», - деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 22:10-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды. Осылайша, дауыс беруге құқылы 12 035 578 азаматтың ішінен 6 521 860 адам сайлауға қатысты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.