20.03.2023, 00:11
Қоғам
Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша алғашқы еxit poll нәтижесі жарияланды
Exit poll нәтижесі «Сайлау-2023» онлайн марафонында айтылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша еxit poll-дың алғашқы нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашқы еxit poll нәтижесі төмендегідей:
- «AMANAT» партиясы - 53,46%
- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%
- «Respublica» партиясы - 8,90%
- Қазақстан Халық партиясы - 6,25%
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 3,22%
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,87%
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31%.
- Бәріне қарсымын - 4,47%.
Алғашқы еxit poll нәтижесін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өткізген «Сайлау-2023» онлайн марафонында Еуразиялық интеграция институтының өкілі жариялады.
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлады.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталды және 20 наурызда таңертең аяқталуы керек.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)