Азаматтардың дауыс беруге келуі бойынша Қызылорда облысы көш басында тұр
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 22:10-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды. Дауыс беруге құқылы 12 035 578 азаматтың ішінен 6 521 860 адам сайлауға қатысты.
Оның ішінде:
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20:00-де аяқталды.
Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21:00-де аяқталды.
Еске салайық, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталды және 20 наурыз күні таңертең аяқталуы керек.