Ел бойынша 12 млн сайлаушының ішінен 6,5 млн азамат бюллетеньдер алды
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20:10-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09% бюллетеньдер алды. 12 035 004 сайлаушының ішінен 6 509 695-і бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізіміне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.