Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері бүгін азаматтық позиция танытып, сайлауға ерте барғанын айтады
Бүгін өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өте маңызды оқиға, дейді Azattyq Ruhy тілшісіне сұхбат берген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Астана әкімдігі Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров.
Еңбең қайраткері дауыс беруге бүкіл отбасымен барғанын айтады. Өйткені, бүгінгі күн «Жаңа Қазақстанның» жаңа өзгерістеріне бастайтын маңызды дата дейді ол.
«Бүгін өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы менің ұғымымда еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өте бір маңызды күн, маңызды оқиға. Өйткені, бүгіннен бастап біздің мемлекетімізде былтыр ғана бүкілхалықтық референдумда халық дауыс беріп қабылданған Конституцияның баптары мен өзгерістеріне сай еліміз президенттік-парламенттік басқару жүйесіне өтейін деп жатыр. Яғни, «мықты президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет» деген формула Жаңа Қазақстандағы жаңа парламенттің бет-бейнесін айқындайды», - дейді Маемиров.