Ақтөбе облысы әкімінің сөзінше, елімізде үлкен өзгерістер орын алуда
Ералы Тоғжанов Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өз дауысын Қарғалы тұрғын үй алабында орналасқан №549 сайлау учаскесінде берді. Бүгін мұнда 2 167 сайлаушы, оның ішінде негізгілері Есет батыр атындағы тұрғын үй алабы және бау-бақша ұжымдарының тұрғындары өз таңдауын жасайды деп күтіліп отыр.
«Қазақстанда үлкен өзгерістер орын алуда. Бүгінгі сайлау елде саяси реформалардың жүзеге асырылып жатқанын білдіреді. Оларға қатысу - әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Баршаңызды еліміздің болашағы үшін ауызбіршілігімізді, бірлігімізді көрсетуге шақырамын», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.