Әзірге ең белсенді өңір – Жамбыл облысы
Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың дауыс беруі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2023 жылғы 19 наурызда сағат 10:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21%-ы бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12:10-да, 14:10-да, 16:10-да, 18:10-да және 20:10-да берілетін болады. Азаматтардың учаскелерге келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:10-да беріледі.
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.