Картопты неге пиязбен бірге сақтауға болмайды – лайфхак

Сарапшылар дұрыс сақталған көкөністің балғын күйінде ұзақ сақталатынын айтады

Картопты неге пиязбен бірге сақтауға болмайды – лайфхак
Фото: novochag.ru

KJ Refrigeration мамандары картопты қалай және қайда дұрыс сақтау керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарапшылар дұрыс сақталған көкөністер мен жемістердің ұзақ уақыт балғын күйінде қалатынын айтады. Әсіресе картопты ас үй шкафына немесе қойма сияқты қараңғы әрі салқын жерге қойған дұрыс.

Бір ескерерлігі, бұл көкөністі тоңазытқышта сақтаудың еш мәні жоқ. Сондай-ақ шикі картопты мұздатқышқа салсаңыз, үсіп кетуі немесе құрылымы өзгеріп, жұмсарып қалуы мүмкін.

«Ал егер картоп пен пиязды бірге сақтасаңыз, онда картоп әдеттегіден тезірек шіріп кетеді. Себебі, пияз жеміс пен көкөністің пісіп жетілуін тездететін этилен бөледі. Оның үстіне, картоптың жанында тұрған пияз да тез бұзылуы мүмкін», - дейді сарапшылар

Сонымен қатар картопты банан, алма және қызанақтан аулақ ұстау керек. Өйткені олар да этиленді көп бөледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.