Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды – Президент

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев ұрпақ тәрбиесінің өте маңызды мәселе екенін айтты

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткізген кеңесінде дәстүрлі исламды дәріптеудің маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды.

«Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды», - деп атап өтті Президент.

Осылай деген Мемлекет басшысы шын мәнінде, ұрпақ тәрбиесі өте маңызды мәселе екеніне тоқталды.

«Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Тақырыпқа орай: Тоқаев: Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады

Айта кетсек, бүгін Премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткізген кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаев  ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды.