Нұрлан Байжігітұлы тікелей эфирде қойылған сұраққа жауап берді
TikTok желісінде танымал болған имам Нұрлан Байжігітұлы тікелей эфирде қойылған «Орыс қызды жар етіп алуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Не болды, Айгүл, Сандуғаш, Перизат дегендер бітті ме не? Наташа ұнады ма? Көр енді, дінді қабылдаса да, қабылдамаса да, шариғатта алуға болады, бірақ өз ұлтыңнан алғанға жетпейді. Осыны түсініңіздер! Ұрысқанға да жақсы, ағайынға сіңгені жақсы. «Өзің өлтірмейді, жат жарылқамайды» деген жақсы сөз бар қазақтың. Сондықтан өзіңдікі жақсырақ болады», - дейді Нұрлан Байжігітұлы.