Жаңа iPhone сатып алу үшін қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеуі керек?

iPhone 11-дің қазақстандық «табынушылары»  қымбат смартфонға қол жеткізу үшін  жатпай-тұрмай 76,5  күн бойы жұмыс істеуі керек

Жаңа iPhone сатып алу үшін қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеуі керек?

Бұл жайында әлем елдері тұрғындарының табысына  зерттеу жүргізген Picodi.com порталы жариялады. Мәселен, әлемге әйгілі брендтің бағасы біздің нарықта  ұшып тұр. Мысалы, 64 кбайт iPhone 11 Pro 565 мың теңге тұрады. Еліміздегі орташа жалақы 186.221 теңге екенін ескерсек, қазақстандықтарға қымбат смартфон ұстау үшін екі жарым ай яғни 76,5 күн жұмыс істеуі керек. Зерттеу жүргізген портал  бұған тамақ пен коммуналдық төлемге жұмсалатын ақшаны қоспаған.

Қазақстанға қарағанда Вьетнам, Таиланд мен Үндістанда жаңа айфонға ақшаны тез жинап алуға болады екен. Ал АҚШ пен Швейцария тұрғындары үшін жаңа айфон алудың түк қиындығы жоқ. iPhone 11-ге қол жеткізу  үшін швейцариялықтар 4,8 америкалықтар 5,8 күн еңбектенулері қажет.

Айта кетсек, Қазақстанда 15 миллион адамның ұялы телефоны бар. Ал Business Insider компаниясы жүргізген рейтинг қортындысы бойынша әлемдегі ең техникалық жағынан мықты смартфон деп OnePlus 7T танылды. Екінші орында iPhone 11, үздік үштікті OnePlus 7 Pro түйіндеді.

Ербол Ертөре, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.