Бұл күні 834 жұп отбасын құрды
2020 жылғы 20 ақпанда Қазақстанда 834 жұп отбасын құрды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 593 жұпқа көп, яғни 2019 жылы дәл осы күні 241 неке тіркелген.
Сонымен бірге, бұл күні жас жұбайлардың көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды облысында тіркелген.
Алматы қаласында (165), Нұр-Сұлтан қаласында (123), Қарағанды облысында (103), ең аз жұп Атырау облысы және Батыс Қазақстан облысында тіркелген (8-9 жұп).
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің АХАЖ мәліметтеріне сәйкес, жас жұбайлардың жас шамасы, ең жас жұп 16-22 жаста (қалыңдық 16 жаста, күйеу жігіт 22 -де), ең жасы үлкен жұп 65-70 жаста (қалыңдақ - 65 және күйеу жігіт - 70 жаста).
ЕGov порталы арқылы некеге тұруға өтініш берген жұптар саны 122 болды.
Ал жыл басынан бастап 15 мың неке тіркелген.
Қыс айларында шамамен 200-ге жуық неке тіркеледі. Жас жұбайлар арасында осындай ерекше үйлескен сандары бар күндерді таңдау көбінесе жазға сәйкес келеді. Мысалы, 08.08.2008 жылы 2044 неке тіркелген.