Ол салықты жасырған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы Е.Байгурмановқа, облыстық экономикалық тергеу қызметі басқармасының бұрынғы басшысы А. Бейсембаевқа және сол бөлімнің бұрынғы офицері Д. Мағзумовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар қылмыстық істі қысқарту және «Гамма Талдыкөл» ЖШС-на тиесілі 1 млрд. 100 млн. теңге көлемінде салықтан жалтару үшін, 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.
«17 ақпан күні Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен бірінші инстанция үкімінің күші жойылды және Байғұрманов 11 жылға, Бейсембаев 10 жылға сотталды. Ал Мағзұмовқа 160 млн. 600 мың теңге айыппұлға салынды»,- деді агенттіктің Бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.
Сотқа тартылған шенеуніктердің барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан