$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2022, 03:07
Қоғам

Қарасора, мефедрон, синтетика. Есірткіге қарсы күрес қалай жүргізілуде?

Елімізде есірткіге қарсы күрес бойынша Жол картасы әзірленген

Қарасора, мефедрон, синтетика. Есірткіге қарсы күрес қалай жүргізілуде?
Фото ашық дереккөзден

Есірткі қылмысына қарсы күрес - Мемлекет басшысының назарында, Үкімет тарапынан бақылауда және ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмасымен есірткіге қарсы бірқатар іс-шара  жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022-2023 жылдарған арналған жол картасы әзірленген. Оның аясында шетелде жасалған есірткі өнімдерінің елге кіруіне тосқауыл қою, ел ішінде олардың өндіріліуі мен сатылуына жол бермеу, есірткіге тәуелді азаматтармен жұмыс істеу және ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын қамсыздандырі жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Мамандардың айтуынша, бүкіл әлемдегі есірткі ахуалы елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл есірткі нарығы синтетикалық есірткілермен, жаңа психоактивті заттармен белсенді түрде толтырылуына байланысты болып отыр. Негізгі мәселе - бұл психоактивті заттардың қолдан жасалуы. Барлық дерлік компоненттер заңды және қолжетімді болып отыр.

Есірткіге қарсы күрестің амалдары

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша,оларды темекі түрінде шегеді, тыныстайды, ішке қабылдайды. Осыдан үш-төрт жыл бұрын мұндай дәрі-дәрмектер заңды дәрі ретінде қабылданатын.

«Барлық фактор синтетикалық есірткіні жастар үшін тартымды етеді, олар жасына байланысты санасымен тәжірибе жасауға бейім және психобелсенді заттарды қолданудың салдары туралы ойламайды.Бұрын заңнама синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің үнемі өзгеріп отыратын нарығына жедел ден қоюға мүмкіндік бермеді.Оларды бақылау тек заң деңгейінде жүзеге асырылды, заңды әзірлеу және оны қабылдау орта есеппен 1 жылдан 2 жылға дейін созылды», - деді Әмірханов.

Соңғы бірнеше жылда ұлттық заңнама бірнеше рет пысықталған.

Мәселен, «Есірткі құралдары туралы...» ҚР Заңына 2019 жылы күшіне енген түзетулермен жаңа психобелсенді заттарды бақылауға жедел қою тетігі заңнамалық тұрғыда бекітілді.

Осы сәттен бастап Есірткінің ұлттық тізімі 117 жаңа атауымен төрт рет толықтырылды. Нәтижесінде, бүгінде белгілі есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтары мемлекеттік бақылаумен қамтылған.

Сондай-ақ, 2020 жылы ақпараттық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Тиісті саралау белгісі сату, есірткіні тұтынуға көндіру, оларды жасауға арналған заттар мен құралдардың айналымы сияқты қылмыстардың құрамында қарастырылған.

Есірткі жарнамасы мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, оған есірткі сайттарының электрондық мекен-жайлары бар «граффити» таратушылары және  тиісті ақпаратты орналастырумен байланысты өзге де іс-әрекеттер жатады.

Былтырғы қыркүйекте Үкімет қаулысымен аса қауіпті заттардың (мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары – 3 грамнан 1 грамға дейін, синтетикалық каннабиноидтар – 50 грамнан 1 грамға дейін) «криминалдық» мөлшері азайтылды.

Тиісінше, оларды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Енді сату мақсатынсыз сақтағаны үшін мұндай заттардың 1 граммынан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайды.

Пандемия кезеңінде «жабық» шекаралар жағдайында синтетикалық есірткілердің жасырын өндірісі дами бастады. Бұл оларды өндіру үшін өнеркәсіпте пайдалланылатын  «заңды»  химиялық заттардың қолданылуына байланысты.

«Биылғы көктемде Қазақстан мен Ресей ІІМ екі елдің аумағында синтетикалық есірткілерді жеткізудің трансұлттық арнасына тосқауыл қою бойынша арнайы операцияны аяқтады. Ол өткен жылдың соңынан биылғы жылдың сәуір айына дейін өткізілді.Бір мезгілде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Омбы мен Таразда синтетикалық есірткінің негізгі жөнелтушісі және Қазақстанда оларды қабылдап алушы ұсталды. Бұл операцияда есірткіні өндіру және тарату үшін барлығы Қазақстанның 13 азаматы ұсталды. Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылордадағы 7 есірткі зертханасы жойылды.Жалпы құны 9,5 млн. АҚШ доллары болатын 260 кг-нан астам, немесе миллионнан астам бір реттік мөлшердегі (доза)  дайын есірткі тәркіленді. Бұл зиянның мөлшерін түсіну үшін айта кетейін есірткі зертханаларында өндірілген осы психобелсенді зат –мефедронның 1 граммы, аса ірі мөлшерге жатады. Тиісінше, жазада  аса ауыр қылмыс үшін қарастырылған -15 жылға дейін  және  өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін», - деді Бақытжан Әмірханов.

Көрсетілген үрдістерді ескере отырып, ІІМ прекурсорлар мен есірткі дайындау үшін пайдаланылатын өзге де заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін пысықтаған.

Оның айьуынша, синтетикалық есірткінің заңсыз таралуына белсенді қарсы тұру аясында «дәріханалық нашақорлық» кең ауқымды сипат алып келеді.

«Олардың ішінде трамадол, тропикамид және азот қышқылы (күлдіретін газ) сияқты препараттар ең танымал. Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша олардың барлығы күшті әсер ететін заттар тізіміне енгізілген, бірақ олардың заңсыз айналымы үшін нақты жауапкершілік жоқ.ҚР ӘҚБтК – нің 426-бабында көрсетілген заттарды рецептісіз босатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ДСМ құзыреті), ҚК-нің 286-бабында-олардың контрабандасы үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.Сондықтан іс жүзінде бұл препараттар дәріханаларда ғана емес, жеке тұлғалармен де кедергісіз сатылады,Осыған байланысты, жоғарыда аталған заң жобасы шеңберінде ІІМ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер енгізуге бастама көтерді. Бұл ретте денсаулық сақтау органдарына аталған препараттардың айналысына бақылауды күшейту қажет деп санаймын», - дейді ол.

Интернет арқылы есірткіні сату

Әмірхановтың айтуынша, есірткі таралуының интернет-арналарын анықтау-жеке міндет.

«Қазір «есірткі жасырып кетушілер» тек интернет арқылы жұмыс істейді. Мобильді қосымшаларды, Телеграм, Vipole және басқалар сияқты мессенджерлерді пайдаланады.Сол жерде олар әлеуетті сатып алушыларды табады. Төлем де қашықтан, онлайн төлемдер арқылы да жасалады. Төлем алынғаннан кейін сатып алушы есірткі жасырылған жердің координаттары бар сілтемені алады. Әдетте қылмыстық ортаға қатысушылардың ешқайсысы бір-бірін білмейді. «есірткі жасырып кетушілер» интернет-ресурстар арқылы көтерме саудаға араналаған ірі көлемдегі есірткінің жасырылыған жері көрсетілген координаттарын алады», - дейді ол.

Ол атағандай, ірі көтерме саудагерлер де есірткі өндірушілерді біле бермейді және есірткі партиясы туралы ақпаратты жасырын түрде, мессенджерлер арқылы алады. Бұл қылмыстық схемалардың ұйымдастырушылары, әдетте, басқа елдерде отырады.

«Біздің мамандар есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын жарнамалар мен сайттарды, посттарды, блогтарды анықтау үшін Интернет кеңістікке мониторинг жүргізеді.Жыл басынан бері осындай 1600 – ден астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Алайда қабылданған шараларға, көптеген сайттардың бұғатталуына қарамастан мәселе ашық күйінде қалып отыр.Міне, осыдан есірткіні интернет арқылы сатып алу неліктен оңай  деген сұрақ туындайды.Негізгі проблема интернет-ресурстарының әкімшілерін міндетті сәйкестендіруді заңнамалық бекітудің болмауы», - дейді Бақытжан Әмірханов.

Сол себептен есірткі сайттарын бұғаттау бойынша қабылданған шараларға қарамастан, сол интернет-дүкендер өзгертілген электрондық сілтемелермен жұмысын жалғастырып жатыр.

Оның айтуынша, көбінесе олардың домендік аймақтары басқа елдерде орналасқан.

«Мұндай сайттарды бұғаттаудың техникалық мүмкіндігі мүлдем жоқ.Сондай-ақ, үшінші тұлғалардың банк карталарын және электрондық «әмияндарды» ашу және пайдалану механизмі реттелмеген.Аталған мәселелер тек есірткі қылмыстарына ғана емес, интернет-алаяқтыққа, порноиндустрияға тән және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ұлттық Банктің құзыретінде.ІІМ аталған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, банк және провайдер қызметтерін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылдап жатыр», - дейді ол.

Күрес пен нәтиже

Бақытжан Әмірханов атағандай, құрамында есірткі бар өсімдіктердің жеке шикізат базасының болуы- есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдағы тағы бір вектор.

«Бұл - Шу алқабындағы жабайы қарасора. Жыл сайын «Қарасора» ауқымды операциясы барысында біз гашиш пен марихуананы дайындау, сақтау және өткізу бойынша мыңнан астам деректі анықтаймыз.Сонымен қатар оңтүстік аймақтарда, шалғай аудандарда Үнді марихуанасының плантациялары өсіріледі.Мұндай егістіктерде жұмыс жасау үшін қылмыскерлер жасыру қоймаларын жабдықтайды, өсімдіктерді тамшылатып суару жүйесін құрады. Мұндай алқаптараға назар аудартпау үшін жұмысшылар мамырдан қазанға дейін егіс басында болады», - дейд ол.

Сондай-ақ ондай есірткі плантацияларын табу үшін «Ғарыш сапары» АҚ (аэроғарыштық жерді зондтау) құралдары жұмылдырылады екен.

Биыл Қорғаныс министрлігінің пилотсыз ұшу аппараттары алғаш рет қолданылып, әуе барлауды жүзеге асырылған. Жыл сайын осындай 60-қа жуық плантация анықталып, жойылады. Бұл өсірілген марихуанамен егілген шамамен 20 гектар жер, 18-20 тонна есірткі тәркіленеді.

Оның айтуынша, нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті тек құқық қорғау органдарымен және күштік әдістермен жүргізеле алмайды.

«Осыған байланысты  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөнінде 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасын қабылдады.Құжат есірткіге қарсы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын барлық мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіреді.Қойылған міндеттерді шешуге кешенді тәсілді қалыптастыратын бірқатар практикалық, заңнамалық, халықаралық бастамаларды қамтиды.Жол картасында ойын-сауық орындарын, азық-түлік көкнәрін сату және пайдалану орындарын, дәрілік препараттар айналымын тексеру көзделген.Банктер мен төлем ұйымдарының күдікті қаржылық операцияларды тексеру, сондай-ақ күдікті «электрондық әмияндардың» иелерін сәйкестендіру бойынша талаптарды сақталуын бақылау белгіленген», - деп түйіндеді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы.

Марья Айдарбаева

Серіктес жаңалықтары