Ауыл халқының әл-ауқатын арттыру: Кәсіп пен нәсіп

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіп дөңгелеткен ауыл әйелдері тәжірибелері туралы айтты

Елімізде ауылдағы халықтың табысын арттырудың бірнеше тетігі қарастырылған.  Өз кәсібін дөңгелеткісі келгендер әлеуметтік жобалар арқылы грантқа ие болып, кәсіпкер атанып отыр. Оның ішінде ауыл әйелдері бір кәсіпті тізгіндеуге бет бұрған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының тұрғыны Юлия Смағұлова әлеуметтік грант алып, өз кәсібін ашқандардың бірі. Соңғы кезде бала күтімінде отырған келіншектер де кәсіпкерлікті қоса алып жүр. Бұл кеңінен қолданылатын тәжірибеге де айналды.

Декреттік демалыс – жаңа өмір бастауға арналған таптырмас уақыт. Юлия Смагулова да декреттік демалыста отырып, адамдарға пайдасын тигізгісі келген.

«Маған дұрыс тамақтану тақырыбы қызықты болды. Ақпаратты зерттей отырып, мен қантсыз шоколад бар екенін білдім. Кейін өзім оны  өндірумен айналысуға шешім қабылдадым. Арнайы  оқытудан өткен соң, шикізат пен жабдықты жеткізушілерді іздей бастадым», - дейді кәсіпкер әйел.

Ол бар ынтасын шоколадтың осы түрін әзірлеуге аударады.

«Мен күні-түні пайдалы шоколад туралы, оны қалай жасау керегі мен пішіндерді, инвентарь мен ингредиенттерді қайдан алуға болатынын ойладым. Бизнестің идеясы- менің шоколадқа деген сүйіспеншілігімді тұтынушыларға жеткізу, қант пен өндірісті арзандататын қоспаларсыз дәмді өнім ұсыну. Басты талап: сапа, дәм, әдемі дизайн, жеке тәсіл», - деді ол.

Ауыл әйелдеріне берілетін әлеуметтік грант туралы ол достарынан естіген, 2021 жылы өзі қатысуға шешім қабылдайды.

«Жоба аясында онлайн оқыту барысында жаңадан бастаған кәсіпкерге, әсіресе Instagram-да бизнесті жүргізу бойынша көптеген жаңа және пайдалы ақпарат берілді, материалдарын бірден қолдануға және нәтиже алуға болатын егжей-тегжейлі практикалық модуль болды. Алған білімім «қантсыз сортты қолөнер және жеміс шоколадын өндіру» жақсы есептелген бизнес-жоспарын құруға және байқау жеңімпаздарының бірі болуға көмектесті», - дейді ауылдық кәсіпкер.

Смағұлова грант қаражатына 6 келі шоколад, оны өндіруге арналған аппарат және дайын өнімге арналған брендтік қораптар сатып алады.

«Мен өз өнімімді үнемі жетілдіріп отырамын, жаңа тенденцияларды ескеремін, тәжірибе жасаймын, бизнесті кеңейтемін. Мен Instagram - да жарнамамен белсенді айналысамын. Шоколад бизнесі ең алдымен жақсы эмоциялар сезімін сыйлайды. Мен «велосипед ойлап таппаймын, бірақ сапалы өнім әзірлеймін. Шоколад дәмді, пайдалы, әдемі болуы керек, ол шетелдік брендтен болуы міндет емес. Біз өз елімізде әдемі және дәмді өнімдер жасай аламыз. Мен өз бизнесімді кішкентай қадамдардан бастадым. Әлі де сол жолдамын. Өз кәсібімді сүйемін»,- дейді Юлия Смағұлова.

Тағы бір кейіпкеріміз Қостанай облысы Қамысты ауылының тұрғыны Наталья Мушинская құс шаруашылығымен айналысады.

«Жақында мен сату үшін құс өсірем деп шештім. Одан табысты жақсы таптым.  Тұрақты клиенттер де пайда болған соң,  өз бизнесімді бастау туралы ойлана бастадым. Құстардың санын көбейту және қажетті жабдықты сатып алу үшін қаржы тапшылығы тоқтатты, оның үстіне кәсіпкерлік білім жетіспеді», - дейді Мушинская.

2021 жылдың жазында Наталья әлеуметтік грант жобасы туралы біліп, әйелдерге бизнес негіздерін тегін оқытуға және өз ісін бастау үшін грант беретін конкурсқа қатысады.

«Мені бұл жобада бизнес жүргізу, оның ішінде әлеуметтік желілерде бизнесті сүйемелдеу мен фермерлік шаруашылық технологиясы, атап айтқанда құс шаруашылығы бойынша білімді алуға болатындығы  қызықтырды. Оқу онлайн режимде 24/7 форматында ұйымдастырылғаны да маңызды болды. Мен өз ісіммен айналысып жүріп, ыңғайлы уақытта сабақтарды көре алдым. Оқудан өтіп, тест тапсырып, сертификаттар алдым, содан кейін конкурсқа қатысу үшін бизнес-жоспар дайындауға кірістім», - дейді кәсіпкер әйел.

Оның айтуынша, бизнес-жоспар жобаның сайтында белгіленген нысанда тапсырылады.

«Осы құжаттың бөлімдерін толтыра отырып, мен жоспарланған бизнесті тағы бір рет ойластырып, жақсы есептеп, жобаладым», – деп атап өтті Наталья.

Кәсіпкер өз үйінде озық «жасыл» технологияларды барынша пайдалануға тырысып, органикалық құс өсіреді.

Құс шаруашылығы қалдықтардың көп мөлшерін өндірумен байланысты қоршаған ортаға теріс әсер ететіндіктен, Наталья оны қайта өңдеумен айналысады. Қоқыстың қарағай үгінділерімен араласқаны қоспасы жақсы тыңайтқыш бола алады, ол да сұранысқа ие.

Оның қызметінің тағы бір бағыты – мамық пен қауырсын сату және өнімді алмастыру бойынша қызмет көрсету.

Натальяның бизнес-идеясының жаңалығы өнім ассортиментін кеңейту болды Ол бұқтырылған ет, ең бастысы-кептірілген қаздар мен үйректер: электр қуатын және зиянды қоспаларды пайдаланбай өндірілетін дәмді экоөнім.

«2022 жылдың көктемінде бизнес-жоспарды іске асыру бойынша жаңа жұмыс маусымы басталды. Қазіргі уақытта мен құс шаруашылығы мен ет өнімдерін, жем-шөп өндіруге қажетті жабдықты сатып алдым.  Рецептураны өңдеймін, бос отырмаймын. Мен жыл бойы құс өсіру цикліне көшуді,  құсты  көбейтуді, қоршаған ортаға мүмкіндігінше аз зиян келтіру үшін балама жылу мен жарық көздеріне көшуді жоспарладым.Тек республикалық нарыққа ғана емес, біздің елден тыс жерлерге де шығу жоспарда бар», - дейді ол.

Ауылда өз кәсібн дөңгелетіп, табысын арттырған кәсіпкер әйелдің бірі - Сабира Малибекова. Ол Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылынан шыққан. Отбасында барлығы еңбектенген, ата-аналар балаларға бақшада жұмыс істеу дағдыларын үйретіп, үй шаруашылығы мен қолөнерді меңгерткен.

Қарағанды мемлекеттік университетінде оқуын аяқтағаннан кейін Сабира Жәйрем кентінде мұғалім болып жұмыс істейді, кейін туған ауылына оралады. Қыздары есейіп, елордалық жоғары оқу орындарының біріне түскенде, отбасы Ақмола облысына көшіп, жер учаскесі бар үй сатып алды.

Сабира Малибекова көкөніс дақылдарын өсіре бастайды.

«Қияр, қызанақ және шөп  отырғыза бастадым. Мен қыста маринадталған қияр, салаттар, лечо жасап, көршілерім мен туыстарыма үлестірдім. Осылайша, «көкөніс» бизнесін бастау идеясы пайда болып, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салуды жоспарладым. Елорда тұрғындары экологиялық таза азық-түлік тұтынса, жақсы болады деп ойладым. Әсіресе, пандемия кезінде бұл өте пайдалы болды», - дейді ол.

Әлеуметтік грант беретін жобаға ол үш жыл қатарынан қатысып, жеңіске жетіп, грант аларына сенген.

«Бизнес-семинарларда мен мектеп оқушысы сияқты мұқият тыңдап, жаздым, «жаңа піскен көкөніс өнімдерін өндіру және оны қайта өңдеу» бизнес-жоспары бойынша көп жұмыс істедім. Оны жетілдірдім. Бұл оңай болған жоқ, себебі мен 60 жастамын. Бірінші және екінші жылы білім жетіспеді, мен байқаудың финалына өткен жоқпын. Бірақ мен бас тартқан жоқпын және оқуды,  жұмысты жалғастырдым. Үшінші рет бәрі ойдағыдай болды.  Алынған ақшаға және өз қаражатыма мен поликарбонаттан жасалған құрама жылыжай сатып алдым, оны өз ауламда орнаттым», - дейді ол.

Ауылға мемлекет тарапынан аса көңіл бөлінеді. Мәселен, «Ауыл — Ел бесігі»  бағдарламасы 2019 жылы өз жұмысын бастады. Мемлекеттен қосымша қаржы бөлу  арқасында ауылда өмір сүру сапасын жақсарту жоспарланды. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілерін қайта жаңарту және жаңа объектілерді салу, жұмыс орындарын құру-осының барлығы осы бағдарламаны іске асыруды көздеді. Былтыр «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінген.

Жобаның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауылда өмір сүру сапасын жақсарту, оны жаңа өңірлік стандарттардың параметрлеріне жеткізу. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын құру жөніндегі шаралар іске асырылды. Жоба аясында даму әлеуеті бар 3,5 мыңнан астам ауыл анықталды, онда ел халқының 90% - ға жуығы тұрады. Атап айтқанда, 1 173 тірек және 2 388 спутниктік ауыл іріктелген еді.

2019-2020 жылдары қолданыстағы бағдарламалық құжаттар аясында барлық көздер есебінен ауылдық жерлерде жалпы сомасы 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық кооперация аграрлық саланы дамыту үшін үлкен перспективалар ашатынын атап өтті.

«Тиісті пилоттық жоба жүзеге асырылды. Оның қорытындысы бойынша оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі өнімділік екі есеге, ал мал басының өсімі – төрттен бір бөлікке өсті. Бұл табысты тәжірибені өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен масштабтау қажет», - деп атап өткен еді Президент.

Үкіметтің 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау үшін елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Аталған бастама «Amanat» партиясының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Ауылда 7,7 млн адам тұрады – бұл ел халқының жалпы санының 41%-ын құрайды. Өткен жылдың мәліметтері бойынша, ауылдық және қалалық жерлерде халықтың ақшалай табысы арасындағы айырмашылық 38% құрайды. Бұл айырмашылықты теңестіру үшін аталған бастамалар жүзеге аасырылып жатыр. «Ауыл аманаты» жобасы асында 40 күндік марафон жүзеге асырылды. Онда 425 ауылдағы 250 мың халық қамтылды. Ауылдағы бизнеске арналған әлеуметтік грант пен жобалар аясында ауыл халқының әл-ауқаты артатыны да сөзсіз.

Марья Айдарбаева