Қазақстанда үй бағасы қымбаттай ма

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл сұраққа қатысты «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»  Басқарма Төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев өз болжамын айтты

Оның айтуынша, былтыр Қазақстанда жаңадан 13 млн шаршы метр үй салынса, биыл 15 млн шаршы метр баспана бой көтереді деген болжам бар.

«Нарықтың қарапайым заңдылығы бар: ұсыныс жетпеген жерде баға өседі. «Нұрлы жер» арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік бағдарламалардың барлығы халықты жаңа баспанамен қамтуға бағытталған. Егер 2019 жылдың қорытындысына сүйенсек, Қазақстанның тұрғын үй қоры 13 млн шаршы метр баспананы құраса, биыл 15 млн шаршы метр үй салынады деген жоспар бар», - дейді ол. Яғни, Омарқожаев мырзаның айтуынша, «салынып жатқан баспана көп болса, баға да қатты қымбаттамайды».

Бірақ, Әнуар Омарқожаев айтқандай, жаңадан салынған үй емес, екінші нарықтағы үйлерден пәтер алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар басталғанда, дәл осы екінші нарықтағы шаршы метрлердің қымбаттауы мүмкін.

«Келесі мәселе бар. «Бақытты отбасы», «Әскери баспана» сияқты бағдарламалар екінші нарықтан үй алуға мүмкін береді. Бұл мәселе екінші нарықтағы үйдің бағасына қандай да бір ықпалын тигізуі мүмкін, бірақ, жаңа пәтерлердің бағасы өседі деп ойламаймыз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020 жылдың міндеттеріне арналған  баспасөз маслихаты өтеді.

Әнуар Омарқожаев хабарлағандай, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бәйтерек» холдингі былтыр әкімдіктерде облигацияларды сатып алу тетігі арқылы баспана несиесі нарығында 8,8 млрд теңгенің құнды қағазын сатып алған. Осы қаражаттың есебінен әкімдіктер фиктивті бағамен 10 600 несиелік пәтер сатып алған. Олар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен 7-20-25 бағдардамасына қатысушыларына берілген. Биыл құнды қағаздарды сатып алу 101,2 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, былтыр Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 53 300 льготты займ бергені хабарланды. Бұл займды тұрғындар үй бағасының 20 пайызыен алғашқы жарна ретінде салып, 25 жылға 5 пайызбен алған.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан