«Халық қуанышты»: алматылықтар Республика күні мерекесінің қайтарылуына пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Айтулы мереке бірнеше жылдан бері ұлттық мереке деңгейінде тойланбай келді

Бүгін Қазақстан халқы ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді. Биыл 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойған болатын.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізілді.

Осы орайда Azattyq Ruhy тілшісі Алматы тұрғындарының айтулы мерекенің қайта оралуына қатысты пікірін тыңдап білді.