Елімізде бір айда 69 кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлей алмаған

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпорындардың берешегі 342 млн теңгеге жеткен

2020 жылдың қаңтар айында  мемлекеттік еңбек инспекторлары ел бойынша 69 кәсіпорында тексеріс жүргізді.  Оның қортындысы бойынша,  жұмыс берушілердің  2.300-ге жуық қызметкерлеріне  342 млн теңге қарыз екені анықталды деп хабарлайды Azattyg ryhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.     

Аталған кәсіпорындардың басшыларына 33 ұйғарым беріліп, 4 млн теңгеден астам  айыппұл салынған.   

«Қабылданған шаралар мен  жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң мерзімдерін белгілеу арқылы  1,1 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 331 млн теңге төленді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік еңбек инспекторлары ел бойынша 442 тексеру жүргізген.  ҚР еңбек заңнамасының 866-дан астам түрлі бұзушылықтары анықталып, кәсіпорындарға  28,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.