ТЖМ мыңдаған адамды эвакуациялады
Қостанай облысындағы орман өртімен күрес жұмыстары үшінші күн жалғасуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға мыңдаған адам жұмылдырылған. Ал, зардап шеккен жергілікті тұрғындарға көмекті Қазақстанның бүкіл аумағынан көрсете бастады.
Бүгін «AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті. Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек.
Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пункттеріне келіп түсуде.