ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

«Tesla» акциялары табан асты 300 пайызға өсті

Илон Маск тышқан жылын адам cенгісіз табыспен бастады

 

Бұған әрине әйгілі көлік компаниясына қаражат салған инвесторлар бөркін аспанға атып, қуанып жатыр. Сарапшылар Cybertruck кроссоверінің тұсаукесерінен соң, өте сәтсіз жоба деп сынға алғанымен, осы аптада Илонның дәулеті бірден $3,8 млрд артқаны белгілі болды. Бұл туралы Forbes жазды. 

Миллиардерлердің байлығын түгендеп отыратын Forbes сейсенбідегі биржада Илон Масктің әлемдегі барлық ауқаттылардың алдын орап кеткеніне назар аударған. Өткен жылдың үшінші және төртінші тоқсанындағы көрсеткіштер инвесторлардың үмітін оятты. «Tesla» компаниясының Шанхайдағы зауытқа $2 млрд қаражат салуы және Model Y кроссоверінің өндірісі алпауыт қаржыгерлердің сенімін арттыра түскен. Айта кету керек, компания соңғы 10 жылдықта шығыны көп стартап жоба ретінде көліктердің сатылымынан түскен пайдадан инвесторлардың ақшасын қайтара алмай келген.

Өткен жылдың 23 қазаны мен осы жылдың 3 ақпан аралығында Tesla акциялары 300%-ға қымбаттап, әр акция үшін баға  $780 көтерілді. Ал осы сейсенбіде олар тағы да 13,7%-ға  ($887,06) еселенді. Былтыр Tesla автокөліктерінің сатылымы немістің Volkswagen концерні шығаратын автомобилдерге қарағанда 4% ғана төмен көрсеткішке ие болған. Масктың компаниясының нарықтағы құны $160 млрд, ол тіпті Volkswagen-ді басып озып, Toyota кәсіпорнынан соң ($201 млрд капиталмен) екінші орынға жайғасқан.

«Сарапшылар өткен он жылда Tesla үмітсіз стартап жобадан Ford және GM автоконцерндерінің алдын қалай орап кетті деген сауалға бас қатырып жатыр. Маск өзі құрған компанияның ең ірі инвесторы ретінде акцияның шарықтауынан қолында бар $43,1 млрд қаражатты $3,8 млрдпен толықтырды. Сонда автомобиль сарапшылары мен журналистер әлемдегі автокөліктердің 98 пайызы әлі жанар жағар маймен жүреді. Ал Илон Маск қалған 2%-ды электромобильмен қамтамасыз ету арқылы миллиардерлер санатына көтерілді. Бұл бас айналатын жаңалық»,- дейді  Morgan Stanley сарапшылар орталығының маманы  Адам Джонас.

Илон Маск Cybertruck моделін жасау үшін зауытқа қосымша $1,3 млрд қаржыны енді қиналмай береді. Осылайша электромобиль нарығына инвестициялық тартымдылық оянып, қайтадан жол ашылды деп есептеуге болады, дейді автомобиль сарапшылары. 

«Меніңше көмірқышқыл газын бөлетін қозғалтқыштар үшін енді капиталдың берекесі болмайды. Қаржы электромобиль саласына қарай бағыттала бастайды. Бізді болашақта не күтіп тұрғынын сезетін боларсыздар»,- дейді Райан Поппл есімді Proterra электр қуатымен жүретін автобустар зауытының бас директоры.

Былтыр қыркүйекте Amazon 100 мың жүк тасымалдайтын электромобиль сатып алуға ниетті екенін мәлімдеген-ді. Бірнеше миллиард долларға бағаланатын келісім шарт «Rivian» компаниясымен жасалған. Ал желтоқсан айында британдық Arrival стартапы Hyundai және Kia концерндеріне электр қуатымен жүретін автокөліктер үшін €100 млн төлеуге дайын екенін айтты.

General Motors та жылдың басында Hummer автокөлігін тоқпен жүргізу үшін Мичиганда  $2,2 млрд тұратын зауыт салуға инвестиция бөлетінін жария етті. Ал Toyota  электромобилдер үшін батарея жасап шығаратын Panasonic компаниясымен электромобильдер өндірісін жолға қоюға келісті. Соңғысы Tesla үшін құйылмалы иондық батреялар жасаумен айналысады. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Тегтер: