Оған 7 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры Б.Б.Пірәліге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
«Ол «Қазпошта» АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Б.Б.Пірәлі қомақты мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 млн. 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.