Қауіпті індетті жұқтырғандар саны 28 мыңнан асады
Қытайда коронавирустың жаңа түрін (2019-nCoV) жұқтырғандар 28 мыңнан асып кетті. 563 адам көз жұмса, 1153-і жазылып шыққан. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі.
Соңғы мәліметтер бойынша, елдегі 186,3 мыңнан астам адам карантинде жатыр. Вирусты жұқтырғандардың дені Хубэй провинциясында - 19,6 мың адам. Мұнда 549 адам қайтыс болып, 633 адам емделіп шықты.