Әзірге келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Салымшылардың жалпы саны 1300-ден асады. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.
«Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.