Алматылық әйелдерге дәстүрлі емес ислам ағымдарының қаупі туралы айтылды
Ақпараттық түсіндіру тобы республиканың барлық аймағына барады

Алматы қаласында діндар әйелдер арасындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 13-17 маусым аралығында Алматы қаласында әйелдер арасында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар халықтық әйел діндарлары арасында діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді.
Ақпараттық түсіндіру тобына теологтар, ҚМДБ өкілдері және өзге де құзырлы орган қызметкерлері кіретіні белгілі. Бүгінгі кездесуге сондай мамандар қатарынан Ш.Әділбаева, Л.Ұзақбаева, З.Үсенова, Г.Жұманова, Д.Нұрғалиева және А.Құрманалиева тартылды.
13-17 маусым аралығында ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен Алматы қаласындағы «Сұлтан қорған», «Қалқаман-1», «Әл Әзім», «Орталық мешіт», «Төле би», «Ақсай», «Нұр Мүбарак», «Абдулла» мешіттерінде діндар әйелдермен,«Жусан» операциясы аясында өңірге оралған қыз-келіншектермен, сондай-ақ «Ғазиза ана» және «Таугүл» қайырымдылық мекемелерінің діндар оқушыларымен, «Текемет» және «Мега тау» сауда орталығында діндар әйелдермен, «Балуан Шолақ» спорт кешенінің спортшы қыздарымен және т.б. кездесулер өткізілді.
Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне бірқатар сұрақ қойылып, тұшымды жауаптар алынды.