$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2022, 09:21
Қоғам

Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдар қандай қызметтер ала алады?

Жыл басынан бері мүгедек жандар портал арқылы 210 мыңнан астам қызмет алған

Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдар қандай қызметтер ала алады?
Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 178,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 25,6 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 48 мың тапсырыс рәсімделді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 817 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 234 ОТҚ жеткізуші, 24 мыңнан астам жеке көмекші, 628 ымдау тілін қызметін, 91 санаторлық-курорттық емдеуді, 62 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Серіктес жаңалықтары