Күдікті кінәсін мойындап, істеген әрекеті үшін өкініш білдірген
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының жеке нотариусына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
«Жеке нотариус оң шешім шығару үшін Талдықорған қалалық сотының судьяларына пара беру сылтауымен алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы 5 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, азаматты пара беруге итермелегені үшін күдікті де танылуда», - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Кінәсін мойындап, өкініш білдіруіне байланысты күдікті процессуалдық қамауға алынған жоқ. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.