Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды.
«Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған», - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.