Министрлік қызметкерлері Тұрсынбек Қабатовтың челленджін қолдады

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР ИИДМ қызметкерлері #Бізбіргеміз челленджін қолдап, қар тазалауға шықты

фотолар: ИИДМ баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері түскі үзілісті пайдаланып, қолдарына күрек алып, қар тазалауға көшеге шықты. Олар Қонаев пен Нұрлы жол көшелерінің бойындағы жүргіншілерге арналған жолды тазартуға атсалысты.

«Қала көшелерін қардан тазартуға қатысып, #БізБіргеміз хэштегімен видео жариялау туралы артист Тұрсынбек Қабатовтың бастамасы тұрғындар арасында қолдау тауып жатыр. Бұл игі бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдау көрсетіп, «волонтер жылына сай бастама» деп баға бергені белгілі», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.