Шымкентте Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарланып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол «Hyundai Wacortec Life» ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінде», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.