$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2022, 20:17
Қоғам

Жұмыссыз қалған 36 мың адамға жәрдемақы төленеді

Оның ішінде 26,4 мың адамға биыл төлем алғаш рет тағайындалып отыр

Жұмыссыз қалған 36 мың адамға жәрдемақы төленеді
фото: osken-onir.kz

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 36,2 мың адамды құрады. Бұл ретте 26,4 мың азаматқа төлем биыл алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 40% - на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады», деп көрсетті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Серіктес жаңалықтары