«Даяшы бастық» туралы депутаттар не дейді, халық қандай пікірде (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Талқыға түскен түйіндеме 

Кешеден бері қоғамда, әсіресе әлеуметтік желіде  Президент іс басқарушысы орынбасары Ерлан Оразбайдың қызмет жолы қызу талқыға түсіп жатыр. ҚР ПІС ресми сайтында жариялынған түйіндемеде Ерлан Оразбай 2002-2013 жылдар аралығында басқармаға қарасты асханаларда даяшы болып істеп,  кейін бірден «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындалғаны жазылған. Содан соң, ол ҚР ПІС-нің «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары, Президенттің іс басқарушысы орынбасары лауазымдарына дейін өскен.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, лауазымды қызметке көтерілгендер жөнінде «Azattyq Ruhy» депутаттардың және халықтың пікірін сұрап білді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан