Шымкентте 2 мыңға жуық көше бар
Шымкент қаласының мәслихат депутаты мегаполистегі кейбір басты даңғылдар мен көшелердің атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
“Бүгінгі таңда қаламызда тарихи тұлғалар тізіміне енбеген алайда алдыңғы әкімдер және мәслихат шешімімен қаланың басты даңғылдарына Арғынбеков, Төлеметов, Адырбеков атауларының берілгені қала тұрғындарыны арасында көптеген сұрақтар туындатып, шешімдердің дұрыстығына түрлі күмәндар тудыруда. Жоғарыда аталған даңғылдарға Абылай хан, Домалақ ана мен Кенесары хан, т.с.с. мәртебелі тұлғаларға берілсе қала халқы қолдайды және рухани еңсесі көтеріледі деп ойлаймын”, деді Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұргазы Бұхарбаев.