Қала тұрғындары барлығы 10 910 текше метр қоқыс жинады
Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті. Аулаларды, саябақтар мен гүлзарларды, су қоймаларының жағалауларын тазалауға 60 мыңнан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Экологиялық акция барысында сақ қорғандарының аумағында, Алатау ауданының Қарағайлы орманында, Сайран көлі мен Қарғалы өзенінің жағасында жаппай ағаш отырғызу жүргізілді. Барлығы 5 мыңнан астам ағаш отырғызылды», деп көрсетті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сенбілік кезінде турникеттер, тіректер, орындықтар, урналар сырланды.
Қоқысты шығару үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен кәсіпорындарының 502 бірлік арнайы техникасы тартылды.