ШҚО-да мәжілісмендер су қоймасына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Депутаттар су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады

Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров, Еділ Жаңбыршин және Зарина Камаcова Шығыс Қазақстан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттар Глубокое ауданы Белоусовка ауылында орналасқан су қоймасына барып, ондағы нақты жағдайды көрді. Сонымен қатар аталған аудандағы Прогресс, Предгорное ауылдарындағы су тасқыны қауіпі бар учаскелерді аралады.

"Өңірлерге арнайы жұмыс сапармен келудегі басты мақсатымыз су тасқыны қаупі бар деген учаскелерді аралап, ауқымды  су қоймаларының жағдайын көзбен көру.  Нақты айтқанда бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан тасқын су мәселесіне байланысты өте көптеген сауалдар түсуде.  Өңірлерде су қоймаларында түйткілді мәселе де жоқ емес. Мен бұған дейінгі  жұмыс сапарымда Зайсан ауданындағы Үденей, Тарбағатай ауданындағы Қандысу су қоймаларындағы өзекті мәселерді көтерген болатынмын.  Біз мәселенің салдарымен емес, себебімен күресуіміз қажет", – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Мамандардың айтуынша Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы су қоймасы 1946 жылы пайдалануға берілген. Глубочанка өзені және кіші Ертіс өзенінің оң жағалауы құяды. Су қоймасының түрі-арналық, жағалау сызығы бойынша ұзындығы 3,3 км, көлемі 1,3 млн.м3, көлемі 1 млн. м3., Максималды тереңдігі 8.5 м, орташа тереңдігі 2.4 м. Есептік өткізу қабілеті 40 м3/сек құрайды. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

"Азаматтар тарапынан көтерілген кез-келген мәселе назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев мемлекеттік орган өкілдерімен депутаттарды халықпен жиі жүздесіп, толғандырған мәселерінің оң шешім табуына атсалысуды үнемі айтып келеді. Бүгінгі біздің жұмыс сапарымызда  мемлекет басшысының осы тапсырмасының аясында жүзеге асырылып отыр"- деді  Мәжілі депутаты Еділ Жаңбыршин.

Депутаттар одан әрі 8-11 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының Риддер, Алтай, Катон-Қарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарын аралап ондағы су қоймаларының жұмысымен танысып ауыл тұрғындарымен кездесетін болады.