Экономика министрлігінің ШҚО-дағы филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК «Балқаш» филиалының директоры пара алды деп айыпталып отыр

«Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК «Балқаш» филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ол өзіне бағынышты қызметкерден қамқорлық көрсеткені үшін пара алды деп күдіктенеді. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.