Жуырда партияның Төрағасы ауысып, жаңа атқарушы хатшы тағайындалды
Биыл 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі өтеді. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы асхат Оралов мәлімдеген болатын. Онлайн форматта өтетін жиынға республиканың барлық өңірінен 399 делегат қатысады.
Қаңтар айының соңында өткен XXI съезде партияның төрағалығы Нұрсұлтан Назарбаевтан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен болатын. Сол жиында жаңа Төраға партияның жұмысына өзгерістер енгізу керектігін, аймақтардағы жұмысты жандандыру қажет екенін атап өткен. 1 наурызда болатын кезектен тыс Съезде осы өзгерістер жұртқа жарияланады деп күтілуде.
Azattyq Ruhy тілшілері Нұр-Сұлтан және Алматы тұрғындарының осынау өзгерістерге қатысты пікірін сұрап білді.