Әлеуметтік желіде әкімнің отставкасын талап еткен петиция жариялады
Өскемен әкімі Жақсылық Омардың отставкасын талап еткен тұрғындар мен оның қолдаушылары дауласты деп жазады YK-news.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазылған петицияда қазіргі әкім қала азаматтарының өмірін жақсарту үшін ешқандай жұмыс атқармағаны жазылған. Сондай-ақ, петиция мәтінінде Жақсылық Омар қала сыртындағы аудандардың мәселесін көзге ілмейді, қоғам пікірімен санаспайды деп жазылған.
Алайда, бұл пікірмен келіспеген қоғамдық ұйымдардың өкілдері әкімнің кетуін талап еткен петиция авторы Роман Честныхпен сөйлесуге тырысты. Бірақ, екі тарап конструктивті диалог орната алмады.
«Менің пікірім үшін маған айып тағуға моральдық және заңды құқықтарыңыз жоқ. Мен депутат, немесе шенеунік емеспін. Біреудің қалауын орындағым келмейді. Әңгімені осы жерден тоқтатайық», - деді Роман Честных.
Ал, қоғамдың бірлестіктердің өкілдері болса оның позициясы субьективті пікір дегенді айтып, Жақсылық Омардың жақсылығын айта жөнелді.
«Ия, бүгін қалада шешімін таппаған мәселелер бар. Алайда, жазда 12 жолды жөндеген кезде біз жұмыстың сапасын тексеріп, сапасыз болса мердігерлерге қайта жөндетіп отырдық. Қалада мүгедектер арбасына таңылған адамдар үшін арнайы жол салынды. Әрине, ескеретін жайттар бар, бірақ соған бола қалада түк істеліп жатқан жоқ деп кесіп айтуға болмайды», - дейді Өскемен қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы.
Өз сөзінің дәлелі ретінде ол қаладағы бірнеше ауданның Жақсылық Омардың кезінде көркейіп кеткенін мысалға келтірді. Осылайша, олар қоғам белсенділерінің петициясына қарсы құжат дайындап, қол жинауға көшкен.