$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2022, 11:07
Қоғам

Шымкентте әкімдіктің шенді қызметкері «Тарихи-мәдени кешеннің» басшысын ұрған

Соған қарамастан ол қызметтен қуылған жоқ

Шымкентте әкімдіктің шенді қызметкері «Тарихи-мәдени кешеннің» басшысын ұрған

Шымкент қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Демеуғали Бақов лауазымды қызметкерді ұрғаны үшін айыппұл төлейтін болды. Оның мәселесі Этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралды деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға өткен жылдың жазында болған. Демеуғали Бақов «Тарихи-мәдени кешен» МКК директоры Саттар Мажитовпен ерегіс кезінде оның бетінен ұрған көрінеді.

Мемлекет қызмет істері жөніндегі агенттіктің Шымкенттегі департамент өкілі Асан Марасуловтың айтуынша, 2021 жылдың 9 тамызында Бақов Марасуловпен ерегісіп, оған жеңіл дене жарақатын салған. 8 қыркүйекте сот Бақовты кінәлі деп тауып, оған 44 мың теңге айыппұл жазып берген. Шенеунік бұл жазамен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданғанымен, ол жақтан Бақов қолдау таппапты.

«Ешкімді ұрған жоқпын, эмоцияға ерік бердім. Қиын уақыт болған кезде ол емделемін деп кетіп қалды. Соған ашуландым. Мен мемлекеттік қызметте 21 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ешқашан тәртіптік жауапкершілікке тартылған емеспін. Мұндай енді қайталанбайды», - деп уәде берді Д.Бақов Этика жөніндегі кеңес отырысында.

Серіктес жаңалықтары