Алматыда мародерлікпен айналысқан тағы бір топ адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты

Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 22 ұялы телефон ұрлаған төрт тонаушыны қолға түсірген.

Олар «Әйгерім-2» ықшамауданындағы жалдамалы баспанада ұсталды. Күдіктілердің ең үлкені 29 жаста болса, ең кішісі – 24-те.

Анықталғандай, 6 қаңтарға қараған түні бұзақылар тобы ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркадағы ұялы телефондарды ұрлап кеткен.

Ұсталғандар – Алматы облысынан келгендер. Олар қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.