Қазақстанда ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салынады деген ақпарат тарады

Azattyq Rýhy

ҚР Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері бойынша, ерте жаста некеге тұру саны орта есеппен жылына 1000 жағдайды құрайды

UNICEF

«Қазақстан ата-аналар одағының» Instagram-дағы аккаунтында елімізде дайындалып жатқан заң бойынша ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салынады және мектептерде жас ұрпақты бүлдіретін жыныстық ағарту оқытылатыны туралы ақпарат жарияланды. Бұл жалған деп жазады stopfake.kz сайты.

Желі қолданушылары «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы қаулыны оқығаннан кейін балаларды жазалайтын ата-аналарды оларды тәрбиелеу құқығынан айыруы мүмкін деген қорытынды жасаған. Қазіргі кезде құжат талқылануда және ашық НҚА порталында ұсынылған. 

Шын мәнінде, қаулыда мұндай ештеңе айтылмаған.

«Тұжырымдама жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасында отбасылық саясатты іске асыру қағидаттарының бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік, отбасында балаларды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларын қолданудың маңыздылығы болып табылады. Отбасында балаларды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларын қолданудың маңыздылығы қағидаты отбасында балаларды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларына, ата-аналарды тәрбиелеудің зорлықсыз дағдыларына оқыту жүйесін құруға бағытталған қоғамдық көзқарастарды нығайтуға бағытталған халықпен ақпараттық-білім беру жұмысы арқылы іске асырылатын болады.[ … ] Тұжырымдамада Қазақстан Республикасында дене жазаларына тыйым салу, сондай-ақ дене жазаларын қолданатын ата-аналарға санкция қолдану туралы ережелер қарастырлмаған. Жоғарыда айтылғанның негізінде, Тұжырымдама жобасында дене жазаларын қолданғаны үшін балаларды отбасынан тартып алуды көздейтін ереже жоқ», – деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері ерте неке, қалаусыз жүктілік пен түсік тастауды болдырмас үшін жасөспірімдермен жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелерін талқылау ұсынылатынын атап өтті.

«ҚР Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері бойынша, ерте жаста некеге тұру саны орта есеппен жылына 1000 жағдайды құрайды, жылына 4,3 мың ерте жүкті болу жағдайы тіркелген. 15-18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы аборт саны жоғары болып қалып отыр және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздардың жалпы санының 0,1%-ын құрайды немесе жылына шамамен 2 мың аборт жасалады», – деп түсіндірді министрлікте.

Демек, «Қазақстан ата-аналар одағы» постындағы «ерте жыныстық ағарту» туралы хабарламалар манипуляция болып табылады.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері қазіргі уақытта бұйрықтың ашық НҚА порталында орналастырылғанын және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шеңберінде талқылауға ұсынылғанын және азаматтық қоғамнан келіп түскен конструктивті ұсыныстарды қарауға дайын екендіктерін атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.